Ислам Чесноков шотландиялық клуб сапында қашан дебют жасайды

Ислам Чесноков шотландиялық клуб сапында қашан дебют жасайды
Футбол

Ислам Чесноков / Сурет: “Хартс” ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноковтің шотландиялық клуб сапындағы дебютінің жаңа күні белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Шотландия чемпионатының 17-туры аясында өткен кезекті ойынды Чесноковтің командасы “Сент Мирренді” 2:0 есебімен жеңіп, біріншіліктегі көшбасшылық позициясын нығайта түсті. Отандасымыз “Дандиге” (1:0) қарсы ойындағыдай қосалқы құрамда болып, алаңға шығуға мүмкіндік алған жоқ. Қазақстандық футболшы Шотландия чемпионатында дебют жасау үшін келесі мүмкіндігіне 18 қаңтарда “Фалкиркаға” қарсы өтетін ойында алуы мүмкін. 

Айта кетейік, Ислам Чесноков 6 қаңтарда шотландиялық клубпен келісімшарт жасасқан еді.