Фристайл-акробатикадан Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды

Фристайл-акробатикадан Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды
Қысқы спорт

Шерзод Хаширбаев / Сурет: Нұрғали Жұмағазы / ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Фристайл-акробатикадан Әлем кубогының алтыншы кезеңінен кейін, алдағы Олимпиадада Қазақстан атынан өнер көрсететін ұлттық құрама спортшылары анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тізімге Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан және Аяна Жолдас енді. 

 Қазіргі таңда Қазақстан биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау спорт түрлерінен лицензияларға ие.