Қазақ қыздары Түркияны жеңді

Қазақ қыздары Түркияны жеңді
Хоккей

София Муравьева / Сурет: Қазақстан хоккей федерациясы

Хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан ІІ дивизионның А тобында өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші матчында Қазақстан құрамасы Түркияны жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ойын есебі екінші кезеңнің ортасына қарай ашылып, София Муравьева шайба авторы атанды. Бірнеше минуттан соң Муравьева дубль жасаса, Ульяна Куклина есепті 3:0-ге жеткізді. Осыдан кейін біздің қақпамызға буллит соққысы тағайындалып, оны қарсылас жүзеге асырды. Үшінші кезеңде біздің қыздар тағы екі шайба соғып, турнирдегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. 

Қазақстан – Түркия – 5:1 (0:0, 3:1, 2:0)

1:0 – 28:59 – Муравьева (Зубкова)

2:0 – 31:04 – Муравьева (Лившиц)

3:0 – 33:08 – Куклина (Муравьева, Емцева) ГБ

3:1 – 33:32 – Гёксал Б

4:1 – 41:18 – Зубкова

5:1 – 52:14 – Лившиц (Муравьева, Емцева)

Қақпашылар: Яковлева – Окют