Қазақстандық екі жеңіл атлет Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық екі жеңіл атлет Азия чемпионатының финалына шықты
Жеңіл атлетика

Ақбаян Нұрмәмет. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қытайдың Тяньцзинь қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Турнир аясында 800 метр қашықтықта жартылай финалдық жарыстар өтті. Оның қорытындысы бойынша құрлықтық біріншіліктің финалына қазақстандық екі спортшы жолдама алды. Жартылай финалда Ақбаян Нұрмәмет екінші болып мәреге жетіп, іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Ал Екатерина Колода мәреге төртінші болып жетіп, уақыт көрсеткіші бойынша шешуші кезеңге жолдама алды. Жарыстың финалы 8 ақпанда өтеді.