Жабық ғимараттағы Азия чемпионатында ел қоржынына алтын жүлде түсті
Жеңіл атлетика
Алина Чистякова. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Қытайда басталған жеңіл атлетикадан жабық ғимраттағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бессайыстан ел намысын қорғаған Алина Чистякова 4181 ұпаймен көш бастап, Азия чемпионы атанды. Сары құрлық бәсекесінің күміс және қола жүлделерін қытайлық спортшылар өзара бөлісті.
Бұған дейін Нора Джеруто 1500 метрге жүгіруде 4 минут 20.04 секунд уақытымен қола жүлдеге қол жеткізді.