Михаил Шайдоров - қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы

Михаил Шайдоров - қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы
Қысқы спорт

Михаил Шайдоров. Сурет: Сали Сабиров/ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының мүшесі Михаил Шайдоров Милан мен Кортинада өтіп жатқан ХХМ қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстандық спортшы қысқы бағдарламадан кейін 92.94 ұпаймен бесінші орында тұрған еді. Еркін бағдарламада отандасымыз бес төрт айналым элементін таза орындап, төрешілерден 198.64 ұпай алды. Қос бағдарлама қорытындысында Михаил Шайдоров 291.58 ұпай еншілеп, Олимпиада чемпионы атанды. 

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы 32 жыл дегенде алғаш рет Олимпиаданың алтын жүлдесін еншіледі. Соңғы рет Владимир Смирнов 1994 жылы Лиллехаммерде өткен қысқы Ойындарда жеңіс тұғырынан көрінген еді.