Әжғалиев пен Никишаның ширек финалы және Олимпиаданың 12-жарыс күнінде өнер көрсететін отандастарымыз кімдер

Әжғалиев пен Никишаның ширек финалы және Олимпиаданың 12-жарыс күнінде өнер көрсететін отандастарымыз кімдер
Қысқы спорт

Абзал Әжғалиев. Сурет: Сали Сабиров, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарының он екінші жарыс күнінде сегіз қазақстандық спортшы жарыс жолына шығады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бүгін шаңғы жарысында әйелдер мен ерлер командалық спринт сайысында сынға түседі. Әйелдер арасында Надежда Степашкина мен Дарья Ряжко ел намысын қорғаса, ерлер арасындағы бәсекеде Наиль Башмаков пен Әмір Мұратбеков жарыс жолына шығады.

Тау шаңғысынан әйелдер бүгін слалом жарысында бәсекеге түседі. Бұл сында еліміздің намысын Александра Скороходова қорғайды. 

Фристайл-акробатикадан іріктеу жарыстары кеше Италиядағы ауа райының нашарлығына байланысты бүгінге ауыстырылды. 18 ақпанда әйелдер іріктеу кезеңінен өтеді, үздіктер финалға жолдама алады. Мұнда Қазақстан атынан Аяна Жолдас өнер көрсетеді. Жарыстың алғашқы іріктеу кезеңі 14:00-де басталады. Ал финал сағат 17:00-ге жоспарланған. 

Ал шорт-тректе бүгін ерлердің 500 метрге жүгіру сайысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Ширек финалда Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша бақ сынайды. Бұл кезең Астана уақытымен сағат 00:15-те басталады. Ал жартылай финал 00:44-те өтеді, В финалы сағат 01:27-ге, ал А финалы сағат 01:32-ге жоспарланды.