Михаил Шайдоров Италия жұртшылығының ықыласына бөленді (ВИДЕО)
Қысқы спорт
Михаил Шайдоров. Сурет: РИА Новости
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Италия жұртшылығының ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында видео жариялады. Онда Милан халқының Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровпен амандасып, суретке түсіп, жылы лебіздерін білдіріп жатқанын көруге болады.
Еске салайық, Миахил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ спортшысы атанды. Сонымен қатар, ол ел қоржынына 32 жылдан кейінгі алғашқы алтын жүлдені салды.