Александр Бублик Дохадағы жарысқа қатыспайтын болды

Александр Бублик Дохадағы жарысқа қатыспайтын болды
Теннис

Александр Бублик. Сурет: Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің оныншы ракеткасы Александр Бублик Дохада өтетін ATP 500 жарысына қатыспайтын болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бұл туралы спортшы өзінің жеке Telegram арнасында мәлімдеді. 

"Дохаға ұшып келдім, бірақ шаршаңқылығыма байланысты турнирде өнер көрсете алмаймын. Дубайда көріскенше", - деп жазды теннисші. 

Еске салайық, өткен аптада Александр Бублик Роттердамдағы ATP 500 турнирінің жартылай финалында бақ сынады. 2026 жылдың қаңтар айында қазақстандық Гонконгтегі жарыстың жеңімпазы атанып, дүниежүзілік рейтингте үздік ондыққа кірген болатын.