«Астана» командасының бас бапкері қайтыс болды

«Астана» командасының бас бапкері қайтыс болды
Баскетбол

Астана БК

Астана баскетбол клубының бас бапкері, литвалық маман Рамунас Цвирка 59 жасында өмірден өтті.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Астана ұжымы, ойыншылары мен басшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Айта кетейік, Рамунас Цвирка «Астана» клубының бас бапкері қызметіне 2025 жылдың маусым айында тағайындалған болатын.