Реал Мадрид Арбелоаны қызметінен босатуды жоспарлап отырған жоқ
Sportbox
Реал Мадрид клубы бас бапкер Альваро Арбелоаны қызметінен босату мәселесін қарастырмай отыр.
RTVE мәліметінше, клуб басшылығы испаниялық маманға сенім артып, оның тек осы маусымның соңына дейін ғана емес, келесі маусымда да жұмысын жалғастыратынына үміт білдіруде. Матчтан кейін Арбелоа кез келген шешімді қабылдауға дайын екенін айтқанымен, клуб ішінде бапкермен ынтымақтастықты жалғастыруға басымдық берілген.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында маусым соңында бапкер ауысуы және клуб ішінде ауқымды өзгерістер болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.
Айта кетейік, биылғы маусым Реал Мадрид үшін күрделі өтіп жатыр. Команда УЕФА Чемпиондар лигасы турнирінен ширек финал кезеңінде шығып қалды және Испания чемпионатында көш бастап тұрған Барселонадан тоғыз ұпайға қалып келеді. Маусымның аяқталуына жеті тур қалғанда бұл айырмашылықты қысқарту оңай болмайды.