«Атырау» Жоао Паулиньомен келісімге келуде

«Атырау» Жоао Паулиньомен келісімге келуде
Футбол

Ак Жайык

Қазақстан Премьер-лигасының өкілі Атырау ФК шетелдік жартылай қорғаушы Жоао Паулиньоны қатарға қосуға жақын. Кабо-Верде құрамасының 27 жастағы ойыншысымен клуб келісімшарт талаптарын алдын ала келіскен.

Тәжірибелі вингер қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол бұған дейін Ордабасы ФК сапында өнер көрсетіп, 2025 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 17 матч өткізіп, 2 гол соққан.

Қазіргі таңда Паулиньо – еркін агент. Қазақстаннан кеткен соң ол Румынияның Политехника Яссы клубына ауысқанымен, негізгі құрамда тұрақтай алмады.

Дегенмен, бұл трансфердің жүзеге асуы «Атырау» клубына жаңа инвесторлардың келуіне тікелей байланысты болып отыр. Егер қаржылық мәселе шешімін тапса, команда жақын арада сапалы легионермен толықпақ.