Абай облысында «Аңыз махаббат мекені» жүгіру жарысы өтеді

Абай облысында «Аңыз махаббат мекені» жүгіру жарысы өтеді
Басқа

2026 жылғы 11 шілдеде Абай облысы, Аягөз ауданына қарасты Тарлаулы ауылында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Аңыз махаббат мекені» атты жүгіру жарысы ұйымдастырылады.

Іс-шараны Аягөз ауданы әкімдігі мен «El Sport» қоғамдық бірлестігі бірлесіп өткізеді. Жарыс Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазары маңында өтеді.

Старт уақыты – таңғы 09:00. Жарыс аясында қатысушыларға екі негізгі қашықтық ұсынылады: 3 және 5 шақырым. Сонымен қатар, отбасылық жұптар арасында арнайы санаттар қарастырылған. Бұл форматта қатысушылар некеде өткізген жылдарына байланысты әртүрлі қашықтықтарға жүгіреді.

Атап айтқанда, 3 шақырымдық «Шоқан ізі» жүгіруі 14–17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналса, 5 шақырымдық «Аңыз өлке» қашықтығы 18 жастан асқан қатысушылар арасында өтеді. Отбасылық жұптарға арналған «Махаббат мекені» санатында 1-ден 5 шақырымға дейінгі дистанциялар белгіленген.

Жарыстың жалпы қатысушылар саны 200 адаммен шектеледі. Қатысу үшін өтінімдер алдын ала қабылданады, ал старттық нөмірлер жарыс қарсаңында беріледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталады.