Ақтөбе клубы жаңа басшысын ресми түрде таныстырды

Ақтөбе клубы жаңа басшысын ресми түрде таныстырды
Футбол

Ақтөбе ФК

Ақтөбе футбол клубы басқарма төрағасы қызметіне Бақытбек Дүзелбаев тағайындалғанын ресми түрде жариялады.  

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешім команданың әрі қарай дамуын қамтамасыз ету және спорттық нәтижелерді жақсарту міндеттерін ескере отырып қабылданған.

Айта кетейік, бұған дейін аталған қызметті Арман Оспанов атқарған болатын. Ол соңғы матчтардың нәтижелері сараланғаннан кейін қызметінен босатылды.

Қазіргі таңда Қазақстан Премьер-лигасының алты турынан кейін Ақтөбе жеті ұпаймен турнир кестесінде оныншы орында тұр.