Жансая Абдумәлік депутат болу шешімінің себебін түсіндірді

Жансая Абдумәлік депутат болу шешімінің себебін түсіндірді
Шахмат

Sputnik

Қазақстандық шахматшы Жансая Абдумәлік не себепті саясатқа келіп, Алматы қалалық мәслихатының депутаты атанғанын айтып берді.

Оның айтуынша, бұл шешім жеке мүмкіндіктерін жаңа бағытта іске асыру қажеттілігінен туындаған. 2021 жылы ол 21 жасында Amanat (бұрынғы «Нұр Отан») партиясынан VII шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатына депутат болып сайланған.

«Праймеризге қатысып көрейін деп шештім. Неге депутат ретінде өзімді сынап көрмеске деген ой болды. Солай бұл бағытқа келдім. Бір кезеңде үйде отырып, өз әлеуетімді толық пайдаланып жүрмегенімді түсіндім. Бұл мен үшін оңай болған жоқ. Кейін праймериздің онлайн кезеңі басталып, қатысу туралы ұсыныс түсті. Мен оны қабылдап, жаңа қадам жасауға бел будым», — деді Жансая Абдумәлік Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында.