Қазақстандағы халықаралық оқу-жаттығу жиынына әлемдік дзюдо жұлдыздары келді

Қазақстандағы халықаралық оқу-жаттығу жиынына әлемдік дзюдо жұлдыздары келді
Жекпе-жек

IJF

Алматы облысында бүгін, 5 тамызда, әлемнің үздік дзюдошылары қатысатын халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Жаттығу лагері 5-15 тамыз аралығында өтіп, спортшылар алдағы ірі халықаралық жарыстарға дайындалады. Жиынға Жапонияның әлем чемпиондары – Риджи Нагаяма (60 кг), Такеши Такеока (66 кг) және Санширо Мурао (90 кг) келді.

Сонымен қатар Ресейдің әлем чемпиондары Тимур Арбузов (81 кг) пен Инал Тасоев (+100 кг), сондай-ақ Грузияның Олимпиада чемпионы Лаша Шавдатуашвили (73 кг) және екі дүркін әлем чемпионы Тато Григалашвили (81 кг) да оқу-жаттығу жиынына қатысады.

Қазақстан құрамасынан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та жаттығу лагеріне қосылды.