Қазақстан су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Уругвайды жеңді
Басқа
ҰОК
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы су добынан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті ойын күнінде Уругвай құрамасын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Матч 22:5 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Сасин кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Бүгін, 6 тамызда, Қазақстан құрамасы Түркиямен кездеседі.
Еске салсақ, әлем чемпионатының алғашқы матчында ұлттық құрама Мысырға есе жіберсе, екінші ойында Сингапурдан басым түсті.