Триатлоннан Түркістандағы Азия кубогында Арлан Жаңабай күміс жүлде алды
Басқа
ҰОК
Түркістанда триатлоннан Азия кубогының кезеңі аяқталды. Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Спортшы 01:47:07 нәтижесімен екінші орынға ие болды. Бірінші орынды бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Роман Минеев (01:46:38) иеленді. Ал жапониялық Рен Сато (01:47:23) мәреге үшінші болып жетті.
Темірлан Теміров тоғызыншы, Дарын Қонысбаев 12-орын, Елмұрат Қанай 23-орын, Максим Шмулич 29-орын, Алинаби Маралбеков 35-орын алды.
Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы сапындағы үздік нәтижені Диана Ержанова көрсетті. Ол 02:14:43 нәтижесімен сегізінші орынға ие болды.
Арина Шульгина 12-орын, Аида Ким 13-орын алды.