Ашық суда жүзуден Қазақстан спортшылары әлем біріншілігінде бақ сынайды

Ашық суда жүзуден Қазақстан спортшылары әлем біріншілігінде бақ сынайды
Басқа

ҰОК

Ашық суда жүзуден Аргентинаның Санта-Фе қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды:

- Саида Елемес;

- Ярослав Губарев;

- Тимофей Лебедев;

- Руслан Максимов;

- Дарина Сысоева.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 3-6 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыс бағдарламасына 5, 7,5 және 10 шақырымдық қашықтықтар, 3 шақырымдық нокаут-спринт, сондай-ақ аралас эстафеталар енгізілген.