Анна Баларшина құзға өрмелеуден Азия кубогында 9-орынға ие болды

Анна Баларшина құзға өрмелеуден Азия кубогында 9-орынға ие болды
Басқа

ҰОК

Оңтүстік Кореяның Кунсан қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары «жылдамдық» және «боулдеринг» сайысында бақ сынады. Әйелдер арасындағы «жылдамдық» сайысында Анна Баларшина жетінші орынға ие болды. Ал Арина Новицкая 17-орынға тұрақтады.

Ерлер арасында Жандос Қалыбай 17-орынға табан тіреді. «Боулдеринг» сайысында Азат Майкотов 29-орын, Вадим Ишмухаметов 36-орын, Матвей Есипов 37-орын, Глеб Семешкин 39-орынға тұрақтады. Әйелдер арасында Айханым Айдарханқызы 19-орын, Полина Андреева 30-орын, Виктория Адаменко 35-орынға жайғасты.