ҚПЛ-да командалар саны 18-ге дейін көбейе ме
Футбол
«Қайсар» ФК
Футболдан 2027 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында 18 команда ойнауы мүмкін. Бұл жөнінде спорт маманы Дидар Сыдықбек Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Оның пайымдауынша, бұл өзгеріс матчтар санының көбеюіне және жаңа ойыншылардың танылуына үлкен септігін тигізеді.
– Естіп, қуанып қалған инсайд. ҚПЛ-да командалар саны 18-ге дейін артуы мүмкін. Менің ойымша, бұл – футбол жанкүйерлері үшін супержаңалық. Ойындар көбейеді, көзге түсетін футболшылар саны артады. Жасасын қазақ футболы, - деп жазды Дидар Сыдықбек.
Әзірге бұл ақпаратқа қатысты Қазақстан футбол федерациясы ешқандай түсініктеме берген жоқ.