VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан Қазақстан құрамасы екі алтынды ел қоржынына салды
Басқа
скрин
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрталап Керім финалдық кезеңде Қырғызстан спортшысынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.
70 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шыққан Сайлау Мұхаммеджан да финалда қырғыз спортшысымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұл – Қазақстан құрамасының дүбірлі додадағы алғашқы алтын медальдары.