eFootball Mobile-дан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде үздік төрттіктің қатарына енді
ҚФФ
eFootball Mobile бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы FIFAe Continental Championship Europe 2026 турниріндегі ойындарын үздік төрттіктің қатарында аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.
5-6 қыркүйек күндері Португалияның Лиссабон қаласында өткен құрлықтық чемпионатқа Еуропаның үздік 8 ұлттық құрамасы қатысты. Турнир қорытындысымен үздік командалар анықталып, FIFAe World Cup 2026 жолдамалары сарапқа салынды.
Қазақстан құрамасының ойыншылары Жансерік Мейрамбек (Neo) мен Нұрсұлтан Ермекжанұлы (Kezdeser) турнирдің алғашқы кезеңінде 7 ойын өткізіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Топтық кезеңдегі кездесулердің нәтижесі: Қазақстан 1:2 Түркия
Сербия 1:2 Қазақстан
Қазақстан 0:3 Грузия
Босния және Герцеговина 1:1 Қазақстан Қазақстан 2:0 Португалия
Қазақстан 1:1 Грекия
Хорватия 2:0 Қазақстан
Плей-офф кезеңінде қазақстандықтар Сербия құрамасымен кездесті. Екі ойынның қорытындысы бойынша Қазақстан 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Плей-офф:
Қазақстан 1:1 Сербия
Сербия 0:1 Қазақстан
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Түркиямен кездесті. Екі матчтың қорытындысымен түрік командасы келесі кезеңге өтті.
Жартылай финал:
Қазақстан 0:3 Түркия
Түркия 1:1 Қазақстан
Осылайша, Қазақстан құрамасы FIFAe Continental Championship Europe 2026 турнирін үздік төрттікте аяқтады.
Айта кетейік, құрлықтық чемпионат Лиссабондағы FPF Arena алаңында өтті.