Денис Теннің құрметіне: Алматыда мәнерлеп сырғанаудан әлемдік дода басталады
Қысқы спорт
ҰОК
7-10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир - Денис Тен Мемориалы өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Аталған турнирге 25 елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады. Жарыс аясында жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда, сондай-ақ, мұздағы биде жүлделер сарапқа салынады. Байрақты бәсеке Halyk Arena мұз айдынында өтеді.
Айта кетейік, бұл турнир Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихында өшпес із қалдырған 2014-Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылады.