Қазақстандық гимнаст Гран-при турнирінде 5 медаль жеңіп алды
Басқа
ҰОК
Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңін бес медальмен аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандасымыз жекелей көпсайыста екінші орын алған еді. Сондай-ақ жекелей жаттығулар бойынша төрт финалға шықты.
Нәтижесінде Ақмарал шығыршықпен орындалатын жаттығуда 29.150 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды.
Ал доппен орындалатын жаттығуда 28.000 ұпай, ұршықтар бәсекесінде 29.050 ұпай және таспамен орындалатын жаттығуда 27.600 ұпай еншілеп, үш күміс медальға ие болды.
Осылайша, Ақмарал Ерекешева бір алтын және төрт күміс медальмен жарысты аяқтады.