Санжар Әділов аралас жекпе-жектен Азия ойындарында қола жүлде иеленді

Санжар Әділов аралас жекпе-жектен Азия ойындарында қола жүлде иеленді
Басқа

Владислав Семенов

Қазақстандық жауынгер Санжар Әділов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жартылай финалда сынға түсті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақта (traditional) ел намысын қорғады. Санжар финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте тәжікстандық Отабек Раджабовтан жеңіліп қалды. Осылайша қазақстандық жауынгер Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.