Алтынға бір қадам: Әсел Қанай Азия ойындарының бас жүлдесіне таласады
Жекпе-жек
Сали Сабиров
Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Әсел Қанай алтын медаль үшін таласу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жерлесіміз кумитэ бағдарламасы бойынша өткен жартылай финалдық бәсекеде қарсыласынан айқын басымдықпен жеңіске жетіп, турнирдің бас жүлдесі сарапқа салынатын ақтық сынға жолдама алды.
Осылайша, Әсел Қанай ел қоржынына кем дегенде Азиаданың күміс жүлдесін нақтап отыр. Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күндерінде қазақстандық каратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева екі алтын медаль жеңіп алған болатын. Қазіргі уақытта Әсел Азия ойындарының чемпионы атану үшін өтетін шешуші жекпе-жекке қызу дайындалып жатыр.