Азиада-2026: Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамды жеңді

Азиада-2026: Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамды жеңді
Басқа

ҰОК / Владислав Семенов, Сали Сабиров

Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы өздерінің үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Алғашқы екі турда Қытай (24:34) және Оңтүстік Корея (18:42) командаларынан жеңіліс тапқан отандық спортшылар бұл жолы Вьетнам құрамасымен шеберлік байқасты. 

Тартысты өткен екі таймның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 29:25 есебімен айқын басымдық танытып, турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Осы табыстың арқасында ұлттық құрама турнирлік кестенің соңғы сатысынан құтылып, бесінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, дәл осы күні ерлер құрамасы да өз матчын өткізіп, Кувейттен 19:43 есебімен ұтылып қалған болатын. Қыздар құрамасы келесі кездесуін 23 қыркүйек күні Гонконгқа қарсы өткізеді.