Садақ атудан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Садақ атудан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Басқа

ҰОК

Қазақстан құрамасы Шарджа қаласында (БАӘ) өтетін садақ атудан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Отандастарымыз 18 және 21 жасқа дейінгі санаттарда бақ сынайды.

U18 Классикалық садақ: Батырхан Зинабдин, Диербек Давлетбеков, Райымбек Майкибаев, Алихан Тұяқ, Әлібек Назеркеш, Ангелина Власова, Айлин Байбатчина, Ясмин Ғалиахмет.

Блоктық садақ: Қалауын Төлендиев, Никита Ивлев, Павел Кузнецов, Сұлтан Жақанбет, Әси Әзімбай, Аяжан Жақсылық, Милана Бурлева, Жанел Шадьярова.

U21 Классикалық садақ: Әлемхан Қабдрахманов, Рахымжан Қамар, Санжар Ержанұлы, Анастасия Солодовникова, Аяла Үсен, Александра Землянова, Самира Жұмағұлова.

Блоктық садақ: Әлімжан Қалымқанов, Данияр Жұмаев, Қуан Рысқұлбек, Андрей Тютюн, Айлана Нұрланова, Юлия Захарова, Диана Юнусова, Жанайым Тұрсынбек. Айта кетейік, Азия чемпионаты 14-22 желтоқсан аралығында өтеді.