Cемсерлесуден Ташкентте өтетін әлем кубогы кезеңіне ел құрамасынан кімдер қатысады
ҰОК
3-6 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесуден (шпага) әлем кубогының кезеңі өтеді. Қазақстан ерлер құрамасы жекелей және командалық жарыстарда бақ сынайды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Жекелей сынға қатысатын ұлттық құрама сапына 12 спортшы кірді. Олар: Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Нұржан Әбжанов, Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Богдан Лукин, Ғабидин Мұстафин, Кирилл Павлов және Георгий Тинников.
Ал командалық жарыста Қазақстан намысын Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов қорғайды.
Айта кетейік, әлем кубогының бұған дейінгі кезеңі Швейцарияның Берн қаласында өткен болатын. Сол жарыста Вадим Шарлаимов жекелей сында қола медаль иеленді.