Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы өз алаңында Словакиямен тең түсті
Футбол
ҚФФ
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы соңғы кездесуін «Астана Арена» стадионында Словакияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Ислам Чесноков пен Ян Вороговский гол соқты. Қос футболшыға голдық пасты Ғалымжан Кенжебек шығарып берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы өнерін аяқтап, өз тобында соңғы орынға тұрақтады.