“Салават Юлаевпен” мықтыны анықтайды
Бүгін астаналық “Барыс” хоккей клубы сырт айдындағы екінші ойынын өткізіп, уфалық “Салават Юлаевпен” кездеседі.
Командалар бұған дейін бір рет кездесіп, “Барыс” 5:1 есебімен сырт айдында жеңілген. Бүгінгі кездесу қарсыластардың осы маусымдағы екінші ойыны болмақ.
Екі қарсылас та өткен матчтпрында булиттер сериясында жеңіліс тапқан. Елордалық клуб Магнитогорскіде бір ұпай еншілесе, “Салават Юлаев” “Авангардтан” айласын асыра алмай, жеңіліс тапқан.
Қазір “Барыс” плей-офф “сегіздігінің” қатарына енбей, 9-орында тұр. Ал оның бүгінгі қарсыласы Шығыс конференциясының екінші командасы.
Матч елорда уақытымен кешкі 17:00-де басталады, ал Bassport.kz сайты ойынның тікелей көрсетілімін ұсынады. “Салават Юлаев” - “Барыс” кездесуін сайттың “Трансляциялар” бөлімінен тамашалай аласыздар.