Айбек Оралбай бокстан Азия ойындарының финалына жолдама алды
Бокс
Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатыр. Айбек жартылай финалда үндістандық Нарендермен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бокстан финалдық жекпе-жектер 2 қазанда өтеді.