Елена Рыбакинаның екінші айналымдағы қарсыласы анықталды

Елена Рыбакинаның екінші айналымдағы қарсыласы анықталды
Теннис

ҚТФ

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Нинбо қаласындағы WTA 500 турнирінің екінші айналымындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Жарыстың басты фавориті саналатын отандасымыз Өзбекстан өкілі Полина Кудерметовамен (WTA рейтингінде 105-орын) кездеседі. Ол негізгі кезеңнің старттық матчында әлемнің 38-ракеткасы, испаниялық Кристина Букшаны 1 сағат 18 минутқа созылған бәсекеде 7:6 (7:5), 6:2 есебімен қапы қалдырып, келесі кезеңге өтті. Жарыстың бірінші нөмірлі спортшысы ретінде тіркелген Рыбакина бұл доданы бірден екінші айналымнан бастайды. Оның Кудерметоваға қарсы маңызды матчы 21 немесе 22 қазан күндеріне жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, Елена Рыбакина – Нинбодағы турнирдің қазіргі чемпионы. Былтыр ол финалда ресейлік Екатерина Александрованы жеңіп, бас жүлдені иеленген. Биыл отандасымыз өз атағын әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінде қорғауға келді.