Үндістан жазғы Олимпиада ойындарын өткізу үшін өтінім беруге ниетті

Үндістан жазғы Олимпиада ойындарын өткізу үшін өтінім беруге ниетті
Басқа

Үндістан 2036 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің спорт министрі Анураг Тхакур мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

"Егер Үндістан G20 форумында төрелік ете алса, Олимпиада ойындарын да өткізе алатынына сенімдімін. 2032 жылға дейін жазғы ойындардың өтетін жері анықталып қойған, десе де XXXVI ойындарды өткізуге үмітіміз бар. Үндістан дайындалып, жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім беретініне сенемін", - деді Анураг Тхакур. 

2036 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге ниетті елдердің қатарында Мексика, Оңтүстік Корея, Мысыр, Ұлыбритания, Индонезия елдері бар.