Қазақстан таеквондошылары әлем кубогын екі медальмен аяқтады
Жекпе-жек
olympic.kz
Қазақстан таеквондо құрамасы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен командалық әлем кубогында екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Аралас командалық сында (микст) бақ сынаған отандастарымыз қола жүлде үшін өткен тартысты кездесуде Таиланд құрамасын 2:1 есебімен қапы қалдырды.
Ұлттық құрама сапында Аружан Найманбаева, Аида Таукенова, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ерлер құрамасы осы турнирде күміс жүлдені иеленген болатын. Осылайша, Қазақстан таеквондошылары әлем кубогын екі медальмен аяқтады.