ТОП-10 танымал қазақстандық спортшылар

ТОП-10 танымал қазақстандық спортшылар
Басқа

Bassport

Қазақ спортшыларының танымалдығы аренадан асып, әлеуметтік желілерде де артып келеді. Бүгінде Instagram — спортшылардың медиа ықпалын және жанкүйерлер арасындағы беделін айқындайтын басты көрсеткіш. Bassport.kz қазақстандық спортшылардың ең танымал ондығын анықтады.

Қазақстан спортының ең танымал тұлғасы мәртебесін әлі де Геннадий Головкин ұстап тұр. Экс-чемпион бүгінде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті. Ресми түрде мансабын аяқтамаса да, 2022 жылдан бері рингке шыққан жоқ. Дегенмен GGG есімі — ел спортының символына, ал оның Instagram парақшасы миллиондаған жанкүйерлердің назарында. Алайда бұл рейтингке тек қазіргі белсенді спортшылар енгізілді.

ТОП-10 ЕҢ ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ (Instagram)

1. Шавкат Рахмонов (ММА) – 1,8 млн жазылушы

2025 жылы әлі октагонға шықпағанына қарамастан, оның танымалдығы тұрақты өсіп келеді.

2. Еркебұлан Тоқтар (ММА, актер) – 1,3 млн ММА жауынгері әрі актер Еркебұлан Тоқтар тек спортта емес, кино саласында да танымал. Ол жекпе-жектерде жеңіске жетіп қана қоймай, отандық фильмдерде басты рөлдерді сомдап жүр.

3. Александр Бублик (теннис) – 1,2 млн

Әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, “Үлкен дулыға” турнирлеріндегі сенімді ойынымен аудиториясын екі есеге арттырды.

4. Қуат Хамитов (ММА, бокс) – 646 мың

Тәжірибелі спортшы әрі шоумен Қуат Хамитов қазір ММА мен бокс арасындағы мансабын жалғастыруда. Ол тек спорттағы жетістіктерімен емес, мінезді пікірлерімен де жиі талқыланады.

5. Жанқош Тұраров (бокс) – 480 мың

Кәсіпқой бокста тұрақты нәтиже көрсетіп келе жатқан, өзіндік стилімен ерекшеленетін спортшы.

6. Данияр Елеусінов (бокс) – 449 мың

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов үзілістен кейін қайта рингке оралып, кәсіпқой бокста мансабын сәтті жалғастыруда.

7. Шерхан Калмурза (футбол) – 379 мың

18 жастағы “Қайрат” қақпашысы “Реалға” қарсы матчтан кейін бір тәулікте 300 мың жаңа жазылушы жинап, елдің ең танымал футболшысына айналды. Қызығы, оның аудиториясы Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтен де көп.

8. Елдос Сметов (дзюдо) – 337 мың

Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін дзюдо шебері Елдос Сметов елдің ең танымал спортшыларының ондығына кірді.

9. Жәнібек Әлімханұлы (бокс) – 335 мың

Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазіргі қазақ боксының басты үміттерінің бірі.

10. Асу Алмабаев (ММА) – 310 мың

UFC-де сәтті өнер көрсетіп жүрген жас спортшы. Соңғы жеңістерінен кейін оның парақшасына жазылушылар саны айтарлықтай артты.
Бұл тізім Қазақстан спортының жаңа бағытын көрсетеді: енді спортшының беделі тек ринг пен аренадан емес, әлеуметтік желідегі белсенділігі мен өз аудиториясымен байланысынан да өлшенеді.