Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатында 5 алтын медаль еншіледі

Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатында 5 алтын медаль еншіледі
Жекпе-жек

ҰОК

Иорданияның Амман қаласында дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан ұлттық құрамасы аталған бәсекеде 5 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Айнара Сейітжанова (48 келіге дейін), Нұрбала Зайнул (52 келіге дейін), Ролан Қайырғали (66 келіге дейін), Гүлсезім Тұрлыбек (78 келіге дейін), Санжар Ерұланұлы (100 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Ал Дамеля Асылханова (63 келіге дейін), Ерасыл Ержанов (66 келіге дейін), Мұхамедали Закиров (73 келіге дейін), Руслана Махатова (78 келіден жоғары) күміс медальға ие болды.

Айзат Наукенова (48 келіге дейін), Айдана Абиханова (63 келіге дейін), Шынар Бітімбай (70 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.