«Астана» футбол клубының қатары хорватиялық легионермен толықты

«Астана» футбол клубының қатары хорватиялық легионермен толықты
Футбол

«Астана» футбол клубы

Елордалық «Астана» футбол клубы хорватиялық шабуылшы Никола Буричпен ресми түрде келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Bassports.kz. 

29 жастағы футболшы загребтік «Динамоның» түлегі саналады. Ол өз мансабында хорватиялық «Рудеш», словениялық «Домжале» мен «Копер», сондай-ақ итальяндық «Новара» және «Леньяго Салус» клубтарында өнер көрсеткен.

Бурич бұған дейін албаниялық «Эгнатия» командасында доп тепті. Онда ол өткен маусымда 33 матчқа қатысып, 6 гол соққан.

Айта кетейік, бойшаң шабуылшы (1.88 м) жаңа клубында 17-ші нөмірлі жейдені таңдады.