Абиба Әбужақынова әлем чемпионатындағы екінші қоласын жеңіп алды

Абиба Әбужақынова әлем чемпионатындағы екінші қоласын жеңіп алды
Дзюдо

Дзюдодан Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды bassport.kz. 

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абиба Әбужақынова қола медаль жеңіп алды. Ол кіші финалда түркиялық Тукче Бедерден "иппон" әдісімен басым түсті.

Осылайша, Абиба әлем чемпионаттарындағы екінші қола медалін иеленіп отыр. Бұған дейін ол Ташкенттегі (2022) әлем біріншілігінде алғаш рет үздік үштікке енген болатын.

Айта кетелік, Абиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингте 4-орында келеді.