World Boxing Cup: Алғашқы күннің нәтижесі белгілі болды

World Boxing Cup: Алғашқы күннің нәтижесі белгілі болды
Бокс

ҰОК

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан бокстан World Boxing Cup турнирінің алғашқы күні өз мәресіне жетті.

Күннің басты оқиғаларының бірі – қазақстандық боксшылардың сәтті бастамасы болды. Алғашқы күні шаршы алаңға шыққан бес спортшының төртеуі жеңіске жетті.

Жеңіске жеткен боксшылар:

48 келі, 1/8 финал — Назым Қызайбай (Қазақстан) канадалық Приянка Диллоннан басым түсті

54 келі, 1/16 финал — Әнел Сақыш (Қазақстан) германиялық Татьяна Обермайерді жеңді

60 келі, 1/8 финал — Виктория Графеева (Қазақстан) жапониялық Аяка Тагучиден айласын асырды

70 келі, 1/8 финал — Наталья Богданова (Қазақстан) үндістандық Санама Чануды ұтты

Жеңіліс тапқан боксшы:

70 келі, 1/8 финал — Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) қырғызстандық Алмаз Орозбековпен болған кездесуде жарақат алып, екінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Турнир өз жалғасын табады. Қазақстандық жанкүйерлер ел намысын қорғайтын боксшылардан алдағы күндері де жарқын жеңістер күтеді.