Қазақстандық жас спортшы Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық жас спортшы Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Теннис

Olympic.kz

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Алан Курманғалиев жартылай финалға бір қадам жақындады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Үстел теннисі бойынша ерлер арасындағы жарыста Алан 1/8 финал кезеңінде оңтүстіккореялық Ли Чонмокты сенімді түрде 4:0 есебімен жеңіп шықты. 

 Ширек финалда ол Тайбэй спортшысы Хун Цзинь-Каймен кездеседі.