WTA Зарина Диясты таңқалдырды: титул жеңіп алғанына қарамастан, тек бір орынға көтерілді

Теннис
ktf.kz
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Испанияның Таусте қаласында өткен турнирде чемпион атанғанына қарамастан, WTA-ның жаңартылған рейтингінде небәрі бір сатыға ғана көтерілді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Дияс жекелей сында 275-орыннан 274-орынға көтерілді. Бұл – оның бес матчтық жеңісінен кейінгі нәтижесі. Турнирде ол барлық қарсыластарын жеңіп, титул иеленген еді.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесін бұрынғысынша Елена Рыбакина сақтап отыр – ол WTA рейтингінде 11-орында және позициясын өзгертпеген. Ал Юлия Путинцева жеті сатыға төмендеп, қазір 34-орында. Зарина Дияс рейтингте үшінші орындағы қазақстандық теннисші болып қала берді.