Қазақстандық хоккейшіге қатерлі ісік диагнозы қойылды: Ернар Мұсабаев көмекке мұқтаж

Қазақстандық хоккейшіге қатерлі ісік диагнозы қойылды: Ернар Мұсабаев көмекке мұқтаж
Басқа

Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы қорғаушысы Ернар Мұсабаевтың өмірінде қиын кезең. Хоккейшіге жұмсақ тіндердің сирек әрі аса қауіпті ісігі – миксоидты липосаркома диагнозы қойылды.

Қазіргі таңда Ернар шетелде ем қабылдауға дайындалып жатыр. Жас спортшы бұл сынақты еңсеруге дайын екенін айтып, жұрттан алғаш рет көмек сұрады.

– «Қазір мен үлкен жолдың басында тұрмын. Алда Кореяда өтетін маңызды ем күтіп тұр. Бұл жол – жеңіл емес. Бірақ мен жалғыз емес екенімді сезінемін. Қазір қолдау сұрауға үйреніп жатырмын – моральдық та, материалдық та көмектеріңіз ауадай қажет. Әр сөз, әр репост, кез келген іс маңызды», – деп жазды Ернар Мұсабаев өзінің Instagram парақшасында.

Қаржылай қолдау көрсету реквизиттері:

Kaspi Gold +7 707 470 10 10

4400 4302 3623 8074

(Ернар М.)

Halyk Bank +7 707 470 10 10

4405 6397 7592 2246 (Ернар М.)

PayPal (шетелден көмек көрсетуге арналған):

[email protected]

+7 707 470 10 10