Қазақстанның үздік теннисшісі әлемдік рейтингте күрт құлдырады

Қазақстанның үздік теннисшісі әлемдік рейтингте күрт құлдырады
Теннис

ktf.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP жаңартылған рейтингінде жұптық разряд бойынша бірден 92 сатыға төмендеп, 345-орынға түсіп қалды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Соған қарамастан, Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы мәртебесі Александр Недовесовқа тиесілі күйінде қалды. Алайда 38 жастағы спортшы да рейтингте төмендеді – ол 12 позиция жоғалтып, қазіргі таңда 169-орында тұр. Ал үздік үштікке кіретін тағы бір қазақстандық — Бейбіт Жукаев. Ол бір сатыға жоғарылап, 356-орынды иеленіп отыр.

Жекелей сында Александр Бублик Қазақстандағы №1 теннисші болып табылады. Соңғы ATP рейтингінде ол 15 орынға көтеріліп, әлемнің үздік 30 ойыншысының қатарына енді.