Топурия Махачевтің Рахмонов дивизионына ауысуының себебін атады

Топурия Махачевтің Рахмонов дивизионына ауысуының себебін атады
Жекпе-жек

Getty Images

UFC-дің экс-чемпионы Илия Топурия pound-for-pound рейтингінің көшбасшысы, ресейлік Ислам Махачевтің жартылай орта салмаққа (77 кг дейін) ауысуына қатысты пікір білдірді. Айта кетейік, бұл дивизионда қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өнер көрсетеді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.

«Мен Исламның менен қашып жүр деп есептемеймін. Егер шыншыл болмасам, ол бұл жекпе-жекті қаламайды деп айтар едім. Бірақ мен олай ойламаймын. Ол салмақ қуу процесінен шаршады. Оған жаңа сынақ қажет болды – сол себепті ол жартылай орта салмаққа ауысты», – деді Топурия Ариэль Хельвани жүргізетін подкастта.

Еске салайық, UFC президенті Дана Уайт бұған дейін Ислам Махачев жылдың екінші жартысында жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген болатын.