Бибисара Асаубаева әлемнің ең мықты шахматшылары қатысатын турнирге шақырту алды

Шахмат
Getty Images
Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева фристайл-шахмат бойынша ең үздік гроссмейстерлер бас қосатын ерлер арасындағы жабық супертурнирге шақырту алды, деп хабарлайды Bassport.kz Liter.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл қуанышты жаңалықты Бибисара өзінің Facebook парақшасында бөлісті:
«21 жастағы қызға Карлсен, Каруана, Накамура секілді әлемнің ең мықты шахматшыларымен бірге ерлер арасындағы жабық супертурнирге шақырту алу — шындыққа жанаспайтын арман сияқты. Мен әлі де жағымды шоктамын!» — деп жазды Асаубаева.
Еске салсақ, Бибисара Асаубаева 2025 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Sharjah Masters супертурнирі кезінде тарихи нәтижеге қол жеткізген болатын.
Бұл шақырту — оның халықаралық деңгейдегі жоғары беделінің, үздік ойын мәнерінің және табандылығының айқын дәлелі.