UFC тарихи турнирінен кейін Қазақстан тумасына қатысты шешім қабылдады

Жекпе-жек
Getty Images
Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев UFC жеңіл салмақ рейтингінде өз позициясын жақсартты, деп хабарлайды Bassport.kz. Бұл шешім оның Чили өкілі Игнасио Бахамондеспен өткізген жекпе-жегінен кейін қабылданды.
Осылайша, Физиев 11-орыннан 10-орынға көтерілді. Еске сала кетейік, «Атаман» Баку қаласында (Әзербайжан) өткен UFC on ABC 8 турнирінде үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қарсыласын жеңген болатын.
Физиев бұл жекпе-жектегі жарқын өнерінен кейін атышулы америкалық кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маскқа ашық түрде жекпе-жекке шақыру тастады.
32 жастағы файтер кәсіби ММА мансабын 2015 жылдың шілдесінде бастаса, UFC-дегі дебютін 2019 жылдың сәуірінде өткізген.