Қасым-Жомарт Тоқаев спортшы немересі туралы айтып берді (ВИДЕО)

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшы немересі туралы айтып берді (ВИДЕО)
Басқа

Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада орналасқан Бекзат Саттарханов атындағы көпфункционалды спорт кешеніне барып, жас футболшылармен кездесті. Бұл туралы Bassport.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында жасөспірімдер өз армандарымен бөлісіп, спорттағы жетістіктері туралы айтты. Мемлекет басшысы оларға жылы лебізін білдіріп, өз отбасы туралы да бір қызықты дерекпен бөлісті:

«Менің немерем футболшы. Қақпашы болып ойнайды», — деді Президент.

Президент спорт нысанының жұмысымен танысып, жастарды спортпен шұғылдануға шақырды.