Еуропалық құраманың бапкері Қазақстан бокс мектебінің әдістемесін қолданып жүр

Еуропалық құраманың бапкері Қазақстан бокс мектебінің әдістемесін қолданып жүр
Бокс

News.cn

Финляндия ұлттық құрамасының бас бапкері Асқар Сәрсенбаев алдағы World Boxing турниріне қатысты пікір білдіріп, қазақстандық бокс мектебінің әдістемесі жайында оң бағасын берді. Бұл туралы Bassport.kz «Спорт Министрі» жобасына сілтеме жасап хабарлайды.

- «Біз Қазақстанда 2016 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысқанбыз. Енді тағы да Астанаға оралдық. Қазақстан - әлемдік бокстың алпауыт елдерінің бірі. Жас кезімізде осы жерде алған тәжірибені әлі күнге дейін жаттығу кезінде пайдаланамыз. Біз өзге елдердің әдістемесіне жүгінбейміз, нақты түрде қазақстандық бокс мектебінің тәсілін қолданамыз», – деді Сәрсенбаев.

Айта кетейік, бокстан World Boxing Кубогының кезекті кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада өтеді.